Шетелден келген үш жолаушыдан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте елге 13 халықаралық әуе рейсімен 1 мың 270 адам келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 258-інде ПТР тестің нәтижесін көрсететін анықтама болмаған. Сондықтан жолаушылар қонған жерінде арнайы тексеруден өтіп, ПТР-тест тапсырды. Нәтижесін карантиндік стационарда күтеді. 

Айта кетейік, 19-шы қаңтар күні анықтамасыз келген 202 жолаушы ПТР тест тапсырған болатын. Үшеуінен коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың бірі Шарм-эль-Шейх – Қостанай рейсімен, тағы бірі Дубай – Алматы, үшінші жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.