ШҚО-да қараусыз жайылып жүрген мал темір жол қозғалысына қауіп төндіріп тұр

Былтыр ғана пойыздарды «шұғыл тежеу» көрсеткіші 10 процентке артқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Машинистер 91 рет жоспарсыз аялдауға мәжбүр болыпты. Соның тең жартысына теміржол бойында жайылып жүрген сиыр мен жылқы себепші. Заң бойынша рельстерге жақын маңда мал жаюға тыйым салынған. Ал тәртіп бұзуға жол бергендерге 15 мың теңге айыппұл салынады. Дегенмен әкімшілік жаза мұндай деректер санын азайтар емес. Тіпті мал иесін табудың өзі қиын дейді мамандар.

Әлібек Шуманов, «Семей магистральдық темір жол желісі» директорының орынбасары:

– Пойыз жүргізу қиын шаруа. Ол жеңіл көлік емес, жүк көлігі де емес. Кез келген сәтте тоқтата алмайсың. Соңында қаншама тіркемесі бар. Ал осылай малға соғылған кезде малдың өлгенімен қоса, рельске де зақым келеді. Тіпті бұдан да қиын жағдайға әкеп соғуы мүмкін.

Сондай-ақ...