419,41 505.95 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда коронавирус жұқтырғандар көбейді

  • 143
  • UPD: 20:04, 27.01.2021
Алматыда коронавирус жұқтырғандар көбейді

Соңғы төрт күнде Алматыда коронавирус жұқтырғандар көбейіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күн сайын қауіпті індетке 130-ға жуық адам ілігеді. Ахуал қиын дейді қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері. Шаһар эпидахуал бойынша «қызыл» аймаққа өткен. Ауруға шалдығу 20-39 жас аралығындағы тұрғындардың арасында жиі кездеседі. Жалпы індет басталғалы Алматыда 21 мың 547 адам коронавируспен ауырған.

Жандарбек Бекшин, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

– Короновирус індеті жоғары аурушаңдығы 20-39 жас аралығындағы азаматтар арасында 35 пайыз деңгейінде тіркеліп жатыр. Ал 40-59 жас аралығында 28 пайыз деңгейінде тіркелуде. Бұл сауда, ойын сауық орталықтарында, базарлар мен қоғамдық тамақтану үйлеріне бару және қоғамдық көлікті пайдаланумен байланысты.

Хабар 24 телеарнасы