417,90 504.70 5.63
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарулы күштер «АрХО-2021» байқауларына дайындалуда

  • 148
  • UPD: 14:16, 28.01.2021
Қарулы күштер «АрХО-2021» байқауларына дайындалуда

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы «Артиллериялық атыс шеберлері» байқауына даярлау үшін әскери қызметшілерді іріктей бастады.

Бұл беделді, қызықты жарыс «АрХО-21» Армия халықаралық ойындары аясында өткізіледі.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының «Айша Бибі» полигонында бес минаатқыш есептобы өз шеберліктерін көрсетті. Алдын ала іріктеуден 12 әскери қызметші өтті.

Ақпан айының ортасына дейін барлық өңірлік қолбасшылықтардан 36 артиллерист іріктелетін болады.

 

Хабар 24 телеарнасы