Алматыда карантинді бұзған нысандар анықталды

Карантин шараларын бұзғаны үшін бизнестің 29 нысаны бойынша материалдар Алматы сотына берілді.

Алматыда мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша карантиндік шаралардың сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтар күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, штаб күн сайын мобильді операторлардың деректері бойынша азаматтардың жиналатын орындарына талдау жасалады. Өткен аптада 1-6 ақпан аралығында 97 тексеру іс-шаралары жүргізілді, 740 нысан қамтылды, 74 (10%) нысанда карантин шараларының бұзылуы анықталды.

Анықталған 74 материалдың 29-ы заңды тұлғаларға 462-баптың 1-бөлігі «тексеру жүргізуге кедергі келтіру»  бойынша жабуға, 462-баптың 3-бөлігі «бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды орындамау» бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа берілді (5 іс бойынша шешім қабылданды):

  • Алатау ауданы бойынша – 3 материал – «Жақсылық» дәмханасы (нысан қызметі 1 айға тоқтатылды, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды); «Центр шашлыка» дәмханасы; «Шамо» ЖШС бильярд клубы (нысанның қызметі карантин режи
  • Алмалы ауданы бойынша – 5 материал – «Финик» мейрамханасы бойынша, «Fizika» түнгі клубы, «Boohouse» дәмханасы, «Пират» дәмханасы, «Endorphin» дәмханасы;
  • Әуезов ауданы бойынша – 1 материал – «Рыба моей мечты» караоке-бары;
  • Бостандық ауданы бойынша – 2 материал – «Sunset» мейрамханасы «Мастер Фуд Казахстан» ЖШС, «Шмель» тавернасы;
  • Жетісу ауданы бойынша – 6 материал: Ниязова Ж. А. компьютерлік клубы (қызметі 3 айға тоқтатылған), «Gameclub» ойын клубы, жеке тұлға Қуандыкова Ж.С ойын алаңы, «Ломатик» ойын алаңы жеке тұлға Пайзаева С. Э., «SKY SPORT» компьютерлік клубы жеке тұлға Ернур Г., «ГринККМ» ЖШС лото клубы;
  • Медеу ауданы бойынша – 7 материал: «Виктория» бинго клубы, «Ordagamecenter» ЖШС компьютерлік клубы, «Манана» мейрамханасы, «Пугасов» мейрамханасы, «Бармаглот» бары, «Hookan Dreems» кафебары, «Айлина» мейрамханасы;
  • Наурызбай ауданы бойынша – 2 материал – «Премьера» дәмханасы ( 100 АЕК айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды), «Таужолы» дәмханасы( 100 АЕК айыппұл салынып, қызметі 1 айға тоқтатылды);
  • Түрксіб ауданы бойынша – 3 материал – «Таэкван-додан Қазақстан Жастар Федерациясы» қоғамдық ұйымы, «БекАр»ойын клубы жеке тұлға Орашбеков Б. К., «Erbil» мейрамхана-қонақ үй кешені.

Пандемия басталғаннан бері 7 ақпандағы жағдай бойынша Алматыда COVID-19 22 898 жағдайы тіркелді.