Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасы жөндеу жұмыстарын қажет етеді

Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасының қабырғалары қақырап, жертөледегі бірнеше бөлмеде жарық пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғимарат осыдан он жыл бұрын қолданысқа берілген. Елбасының бастамасымен республика көлемінде жүзеге асырылған «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. 240 емделушіге арналған кешенде қазір 183 бүлдіршін ем қабылдап жатыр. Арнамыздың тілшілерімен жүздескен аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ербол Жапахов нысанды апатты деуге келмейді дейді. Ешқандай қауіп жоқ деп сендірді. Себебі сызат түскен қабырғалар ғимараттың негізгі тіреуіш арқалығы емес. Сондықтан алдағы уақытта жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Ербол Жапахов, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері м.а:

– Сол кабинеттің ішінде дым да жоқ. Бізден барлығын алып тастадық. Қыс біткесін, қар ерігесін мамандар барлығын зерттейді.