ҚР ДСМ: Қарағанды фармацевтикалық кешенінде вакцина өндірісінің соңғы кезеңі жүргізіледі

Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілетін «Гам-КОВИД-Вак (Спутник V) вакцинасын тіркеу куәлігін алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

13 ақпанда аталған препарат Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама комиссиясынан вакцинаның қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытындысын алған еді. Алдын ала есептеулер бойынша, осы айдың соңында еліміздің барлық өңіріне Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірген «Спутник V» вакцинасының 90 мыңға жуық дозасын жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жауапты мекекемелермен арнайы мониторинг жүргізіліп отырады.

Лаура Ахметниязова, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының м.а:

– Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында ішінара технологиялық және өндірістік процестер жүргізілетін болады. Яғни, субстанция әкелінеді. Және өндірістің соңғы кезеңі жүргізіледі. Қазір бізде тиісті өндірістік сертификат, куәлік барлығы бар. Яғни, вакцина өндірісі үшін барлық жағдай жасалған.