Елордада ақпан айында қалыңдығы 20 миллиметр қар жауды

Елордада ақпан айы басталғалы 20 миллиметр қалыңдықта қар түсті. Жауын-шашынның көп болуына байланысты коммуналдық мекеме қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Соңғы 1 күнде қаладан 26 мың текше метр қар шығарып үлгірген. Бұл іске 300-ден астам техника және 2 мың адам жұмылдырылған.

Руслан Жүсіпов, «Астана Тазалық» ЖШС Бас директорының орынбасары:

- Мекеменің барлық техникасы төрт ауданға жіберілді. Тәулік бойы жұмыс жалғасып жатыр. Орталық көшелер тазартылды. Түс ауа басқа да аумақтарға көшеміз. Қазгидромет тарапынан мәліметтер ұсынылды. Алдағы 3 күнге арналған болжамға сай жұмыс жоспарын құрдық.