Атырауда алыс ауылдарға интернет желісі тартылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Азғыр өңіріне интернет жүйесі жетті.

Облыс орталығынан 600 шақырым қашықта жатқан Асан ауылдық округінде 1300-ден астам тұрғын бар. Өркениеттен шет қалған ауылда 2 мектеп, әкімдік үйі, пошта және амбулаториялық бөлімше жұмыс істейді. Алайда ғаламтор желісінің жоқтығынан мекемелер де, тұрғындар да керекті құжаттар үшін орталыққа қатынайды. Жаңа жылдан бастап отандық компания екі ауылға дербес қабылдау қондырғысым ен 3 және 6 метрлік екі мұнара орнатты. Қазір ұялы телефон байланысы жолға қойылыпты. Бірақ шағын қондырғының қамту аумағы тек 3 шақырымға ғана жетеді екен.

Азамат Нұрланов, Асан ауылдық округі әкімінің м.а.:

- Ол деген жұмыс жасайтын мекемелерге тартылмаған. Тек ұялы байланыс жүйесінде қолданып отыр. Ол деген жұмыс барысында кедергі келтіреді. Алдағы болашақта 60 метрлік мұнара қондыру жөнінде жұмыстар жүріп жатыр. Ол келсе, 4G интернет және де мекемелерге тартылатын болса, тиімді болар еді деп ойлаймын.