Алматыда 104 соғыс ардагеріне сый-сияпат жасалды

Алматыда «Ардагерлерге алғыс» атты қайырымдылық іс-шара өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны «Алматы SOS» қоғамдық қоры қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қолдауымен ұйымдастырды. Қор мен басқарма өкілдері соғыс ардагерлері – Иван Бегунов пен Шаңгерей Жәнібековтың хал-ахуалын біліп, үйлеріне барды. Әлеуметік маңызы бар азық-түлік пен сый-қоржындарын табыстады. Іс-шара аясында қаладағы 104 соғыс ардагеріне сый-сияпат жасалды. Сонымен қатар «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы «Тәуелсіз өмір мектебі» атты қамқорлық жобасын жалғастыратынын мәлімдеді. Биыл бұл бағытта мүмкіндігі шектеулі 125 жан арнайы семинар курстан өтеді.

Рахилям Махпирова, қалалық әлеуметтік  әл-ауқат  басқармасының бөлім басшысы:

– Семинарға қатысушыларға әлеуметтік әрі заңдық білім беріледі. Білім алған түлектердің көбі жоғарғы оқу орындарына түсті. Отбасын құрды. Бұл қуантарлық жағдай. Жалпы былтыр 64 адамды оқыттық.