Коронавирустан емделіп жатқан 49 адамның жағдай өте ауыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың хал-жайы туралы айтты.

27 ақпандағы мәлімет бойынша 20 280 адам коронавирус инфекциясынан (13 523 КВИ+ және 6 757 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 380 пациент стационарда, 15 900 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 253 адамның жағдайы ауыр;

- 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.