Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 223 адамның жағдайы ауыр

7 наурыздағы мәлімет бойынша 18 854 адам короновирус инфекциясынан (13 546 КВИ+ және 5 308 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 497 пациент стационарда, 14 357 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 223 адамның жағдайы ауыр;
  • 54 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.