Елордада 8 наурыз күні 59 бала дүниеге келді

Елордада Халықаралық әйелдер күнінде 23 қыз бен 36 ұл бала дүниеге келді.

Сәбилер мен олардың аналарының жағдайы ойдағыдай, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жаңа туған нәрестелер жайлы мәліметтерді қаладағы көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктары ұсынған.

Айта кету керек, 8 наурыз күні жаңа туған нәрестелерді құттықтау биыл алғаш рет өтті. Қала басшылығы балалар мен олардың аналарын құттықтап, елорда әкімінің атынан құттықтау хаттар мен жаңа туған нәрестелерге арналған арбаларды сыйға тартты.