Маңғыстау тұрғыны қоқиқазды құтқарып қалды

Маңғыстау тұрғыны суықта әлсіреп қалған қоқиқазды құтқарды.

Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарала бастады.

Қоқиқаз әлсіреп, ұша алмай қалған. Маңғыстау тұрғыны құсты кен орындарының бірінен тапқан көрінеді, деп хабарлады lada.kz.

Тұрғын фламингоны жылы бөлмеге кіргізіп, жылытқаннан кейін құс аяғына тұрып, өз-өзіне келеді. Одан соң ер адам қоқиқазды далаға еркіне жіберді.