Қазақстандағы БҰҰ басшысы Наурыз мерекесіне орай ұлттық тағам әзірледі

2009 жылдан бастап Наурыз адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енді. Бұл бейбітшілік пен мәдени сан алуандылық құндылықтарын мерекелеу.

«Наурыз» сөзі жаңа күн дегенді білдіреді және оны әлемнің 300 миллионнан астам тұрғыны жаңа жылдың басталуы ретінде атап өтеді.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш: «Өткен жылы Наурыз мейрамы бұрын-соңды болмаған және жойқын ғаламдық пандемияның алғашқы күндеріне сәйкес келді. Биылғы жылы Наурыз рухын сақтау аса өзекті. COVID-19 жеңу үшін әлем біріккен кезде Наурыз табиғатпен үйлесімді түрде қалпына келтіруге шабыттандырады», - деп атап өтті.

Ал Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаела Фриберг-Стори ханым Қазақстанға келгеніне алты айдан астам уақыт өтіп, аталған уақытта жасап үйренген қазақтың ұлттық десерттерінің кейбір рецептілерінің бейнетүсірілімін жариялады: «Ұлыстың ұлы күнінде туыс жақындар көктемнің басталуын тойлау үшін дәмді тағамдармен безендірілген дастарқан айналасында жиналады. Сондықтан індетпен байланысты шектеулерді ескере отырып, адамдар үйде ұлттық тағам дайындап, атап өткенін құптаймыз. Бүгін біз ең танымал десерттер – «Жент» кәмпиттері мен «Хворост» тағамын бірге дайындадық. Наурыз бір-бірімізді кешіріп, жақсылыққа үміт білдіретін достық мерекесі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарға мәңгілік бақыт, өркендеу және жарқын болашақ тілеймін!».