ШҚО-да су тасқынына дайындық жұмыстары жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан су тасқынына дайындалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірге Қарағанды облысынан келген әскерилер қазір Көкпекті, Алтай аудандарындағы 2 су басу қаупі бар аймақтарға барған. Құрамында 50 адамы бар жеке құрам жергілікті атқарушы органдарға және халыққа қар жинау және арықтарды, су өткізу құрылымдарын тазалау бойынша көмек көрсетуде. Алтай ауданында әскерилер Вторушенский каналында мұз кесіп, су өткізу құбырлары мен су бұру арналарын тазартқан. Сондай-ақ олардың бір бөлігі жергілікті тоғандар мен Бұқтырма және Хамир өзендеріндегі су деңгейін бақылайды.