Алматы облысында батыр ана он төртінші сәбиді дүниеге әкелді

Алматы облысы Кербұлақ ауданының 42 жастағы тұрғыны 14-баласын дүниеге әкелді. Гүлнәз Шәкенова осылайша он қыз бен төрт ұлдың анасы атанды. Бір қызығы отбасында егіз, үшем жоқ.

Он төртінші баласын бесік жырымен әлдилеп жатқан Гүлнәз Шәкенова нәрестесіне Нұрғалым деп ат қойыпты. Ол кіші қызының 2 жасқа толған туған күнінде перзентханадан шығарылған. Сол себепті есім таңдау періште пейілді бүлдіршінге бұйырған екен. Қос қуанышы қатар келген отбасы балаларын жаратушының берген сыйы деп біледі. 

Гүлназ Шәкенова, көп балалы ана:

- Әр бала дүниеге келген сайын қуаныштымыз. Құдайдың берген сыйы. Біздің өміріміздің мәні. Біздің байлығымыз. Өмірге деген құлшынысымызды оятып, көңілімізді көтеретін бала шағамыздың арқасында қандай қиындық болса да жеңіуге тырысамыз.

Батыр ананы босандырып алған медицина мамандарының бірі Құралай Бөтейбекова. Кербұлақ аудандық ауруханасының акушері Сәдуақасовтар отбасындағы төрт баланың кіндігін кесіпті.

Құралай Бөтейбекова, акушер:

- Шәкенова Гүлнәз жігер мықты әйелі. Денсаулығы да жақсы. Үлгілі отбасынан шыққан. Батыр ана деп айтуға болады. 3 келі 900 грамм болып дүниеге келіпті. Мен кіндігін кескен 4 баласы жеті сегізге келіп ер жеткен. Көшеде көрсе сіздің туған балаңыз деп көрсетіп жатады. Мен үшін ол үлкен мәртебе. Еңбегімнің жемісі деп білем. 

Айжан Сәрсенбайқызы балалардың ішіндегі үшіншісі. Жеті жасынан бастап  еркін күреспен шұғылданған ол Азия чемпионатын ұтқан. Бір жыл бұрын аралас жекпе-жек спортына ауысыпты.  

Айжан Сәрсенбайқызы, аралас жекпе-жектен ҚР чемпионы:

- Қазақстанды ұттым мастер орындадым. Енді алдымызда чемпионат мира өтеді. Соған қызу дайындықтамыз.  Сол чемпион мира болсам ары қарай ЮФС да деген ой болып тұр.  Тек қана юфси да төбелесіп, Қазақстанның туын желбірету мақсаты, скл бірінші қазақ қызы болайын деген шешім қабылдадым.

Сәдуақасовтар отбасы жиырма жыл бойы Қаспан ауылында тұрыпты. 2019 жылы оларға аудан орталығы Сарыөзектен үй берілген.  Құтты шаңырақта енді құдаларын күтпек. Қыздарын ұзатып жиен немере сүйіп отырған жанұяда бала тәрбиелеудің өзіндік ұстанымы қалыптасқан. 

Гүлназ Шәкенова, көп балалы ана:

-Ешқашан жеңілмей алдыға ұмтылу керек.деген ұстанымымыз сол. Денсаулықты күту керек. Өзіне ешқандай зиынды нәрсе жасамау керек. Өмірге деген құлшынысы мәнді деген ұстаным айтып отырамыз. Папасы балаларына қолдау көрсетіп отырады.

Сәрсенбай Сәдуақасов, көп балалы әке:

- Балаларға жақсы жүру жаңағы жақсы болыңдар, үлкенді сыйлаңдар, кішіпейіл болыңдар деп тәрбиелеймін. Бала көптік етпейді. Алланың бергені ғой. Әр баланың нәсібі өзінде. Бір қой артық туса бір жусан артық шығады дейді ғой. Қазақта мақал бар ғой, сол ғой. Жастарға айтатыным қорықпау керек. Жастар қорқады ғой, оны Алла тағала құр қол қайырмайды ғой.

Отағасы дәнекерлеу, құрылыс саласында қолдан келген бар жұмысты атқарады. Балаларын да еңбекқорлыққа баулып жүр. Облыстағы ең үлкен отбасы бақыттың кілті еңбекте деп санайды.

Авторлар: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев