Қостанай облысы қайтадан «сары аймаққа» кірді

Қостанай облысы коронавирус таралуы бойынша қайтадан «сары аймаққа» өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірде соңғы тәулікте 31 адам ковид жұқтырған. Науқастардың дені облыс орталығында тіркеліп отыр. Өткен тәулікпен салыстырғанда сырқаттанушылардың саны өңірде сәл де болса төмендеген. Ал енді «сары аймаққа» өтуіне байланысты облыста қосымша қандай шектеулер енгізілетіні әзірге белгісіз.