ШҚО-да дала өрті өршіп тұр

Шығыс Қазақстан облысында дала өрті өршіп тұр. Бір тәулікте 21 жағдай тіркелген.

Әсіресе Күршім, Зайсан, Үржар, Тарбағатай аудандарында ашық алаңқайларда құрғақ шөптің жануы жиілеп кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тек сәуір айының басынан бері дала өртіне байланысты 44 дерек тіркеліпті. Тілсіз жау 250 гектардан астам далалы алқапты шарпып үлгерді. Құтқарушылар өрт оқиғаларына, көбінесе тұрғындардың салғырттығы себеп дейді. Өйткені елді мекендерге жақын жатқан жазық далада өрт жиі тіркелетін көрінеді. Біреулер жолдан өтіп бара жатып темекі тұқылын лақтырып кетеді. Енді бірі күл-қоқыс өртеп, оны өшірмей кетеді. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін арнайы рейд шараларын өткізетін мобильдік топ жұмыс істейді.

Медет Мұқашев, облыстық ТЖД бас маманы:

- Шығыс Қазақстан төтенше жағдай департаменті өрт қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Қоқыстар мен қалдықтарды жаққаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес жауапкершілік көзделгенін хабарлайды.

Сондай-ақ...