БҚО журналистері жаппай екпе салдырды

Батыс Қазақстан облысы үш апта бойы «қызыл» аймақтан шықпай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірдегі 18 мектептің 33 сыныбы мен балабақшалардағы 11 топ карантинге жабылды. Соңғы тәулікте тағы 115 адамнан коронавирус белгілері анықталды. Демалыс күндері дәмхана-мейрамханаларда той-томалақ өткізу әлі тоқтамай тұр. Санитарлық талапты бұзған нысандарға қатысты 11 хаттама толтырылған. Енді олар ірі көлемде айыппұл төлейді. Өңірдегі инфекциялық стационарлардың 72%-і науқастарға толды. Жыл басынан бері облыста қатерлі дерттен 21 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта аймаққа 34 мың доза вакцина жеткізілген. 5 мыңнан аса медицина саласының қызметкері екпе салдырды. Өңір журналистері де вакциналау шарасына белсенді қатысып жатыр.

Динара Әлпейісова, журналист:

- Енді мынау қатерлі індеттің еліміз ғана емес, әлемді әлекке салып отырғанын көріп отырмыз ғой. Оған тосқауыл қоятын бірден бір жол осы екпе деп есептейміз. Сол мақсатта бүгін өңірдегі қаламдас әріптестермен епке салдырдық. Маған жаңа ғана салды, жағдайым жақсы, өзімді қалыпты сезінемін.

Қазыбек Құттымұратұлы, журналист:

- Енді мамандардың өзі айтып жатыр ғой, бұл пандемияның алдын алатын негізгі амалдың бірі осы - екпе. Неғұрлым көбірек адам екпе алса, неғұрлым ұжымдық иммунитет болса, бұл жұқпаны жеңудің мүмкіндігі болады деп жатыр. Сондықтан біз келдік осы жерге. Бәрі де өте жақсы өтті. Ешқандай қорқыныш жоқ.

Сондай-ақ...