Полковник Ким Серікбаев коронавирустан көз жұмды

88 жасқа қараған шағында әскери ғылымдардың докторы, полковник Ким Серікбаев дүниеден өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайраткердің коронавирустан қайтыс болғанын, ауруханада 5 күн жатқанын Ұлы отан соғысы ардагерлері қоғамдық қоры растады. Ким Серікбайұлы 1934 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келді. Қазақ Мемлекеттік университетін, Уфа әскери училищесін және Мәскеу әскери академиясын тәмамдаған. 1956-1966 жылдары Қиыр Шығыс, Мәскеу, Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота, батальон командирі, штаб бастығы, полк командирі болып қызмет атқарған. Әр жылдары Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі, Президент аппараты жанынан құрылған Қорғаныс бөлімінің жетекшісі және өзге де жауапты қызметтерге тағайындалған. Ким Серікбайұлының артында 180-нан астам ғылыми еңбек қалды