Түркістан облысында табиғатты тамашалауға арналған көру алаңы ашылды

Түркістан облысында табиғаттың әсем көрінісін тамашалауға арналған көру алаңы ашылды. Төле би ауданы Алатау ауылдық округіне кіреберістегі биік төбе басында алаң салуға аудандық бюджеттен 15 млн теңге қаржы бөлінген.

Мұнда саяхаттап келген туристер мен қала қонақтары тұмса табиғат пен Алатаудың сұлулығын арнайы орнатылған дүрбі арқылы тамашалай алады. Сондай-ақ аяқжолдар төселіп, жарық шамдар орнатылған. Шырша егіліп, туристер тынығатын арнайы орындар жасақталған.

Жұман Абдиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Табиғатты тамашалауға арнайы дүрбілер қойылып, тауды жақын тартып, өздеріне баурайтындай көріністерді көруге мүмкіндік туғызатын жоба. Сонымен қатар бұл ары қарай да дами түседі. Барынша біз ауданға туристерді жан-жақты қолдап, соларды қызықтыру үшін жасалып отырған дүние.