Маңғыстау облысында құмды дауылдан жол қозғалысы қиындады

Маңғыстау облысында құмды дауыл тұрып, жол қозғалысы қиындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жетті. Қарақия және Маңғыстау аудандарында шаңнан жол көрінбейді. Жаңаөзен – Шетпе – Жетібай – Ақтау бағытындағы тасжол әзірге ашық. Көлік қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Жол полицейлері тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырады. Климаты құрғақ өңірде құмды дауыл жиі болады.