Елбасы Ассамблея мүшелеріне алғыс айтты

Қазақстан Халқы ассемблеясының Төрағасы қызметін енді Қасым-Жомарт Тоқаев атқарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттігін Мемлекет басшысына өткізді. Елбасы Ассамблеяның құрметті төрағасы болып қала береді. Қазақстан халқы Ассамблеяның 29-шы сессиясына қатысқан Нұрсұлтан Назарбаев консультативті-кеңесші органның төрағасы қызметін Мемлекет басшысы атқаруы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Ассамблея мүшелеріне көрсеткен қолдау үшін алғыс айтты. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың халқымыздың бірлігіне қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.