429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роман Скляр орман-дала өртінің алдын алу бойынша тапсырма берді

  • 107
  • UPD: 12:18, 29.04.2021
Роман Скляр орман-дала өртінің алдын алу бойынша тапсырма берді

Бүгін, 29 сәуірде бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың жалпы басшылығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің төрағалығымен өткен комиссия жұмысына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдердің орынбасарлары, өңірлердің ТЖД бастықтары қатысты, деп хабарлады primeminister.kz.

Роман Скляр азаматтардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүлікті қорғау мемлекеттің басым міндеті екенін атап өтіп, күштер мен құралдардың жедел ден қоюға дайындығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ авиацияны тартуды қарастыруды тапсырды.

Мүдделі мемлекеттік органдарға әкімдіктермен бірлесіп табиғат қорғау және орман мекемелерін өрт-техникалық жарақтармен жабдықтау, орман өрт сөндіру станциялары мен бақылау мұнараларын салу жөніндегі жол картасын әзірлеу тапсырылды.

Қазіргі өрт қауіпті кезеңге қатысты Ю.Ильин саны 43 мың адам, 9 мыңнан астам техника, су ағызатын құрылғылары бар 10 тікұшақ және ірі өрт болған жағдайда 46 өрт сөндіру пойызы бар күштер мен құралдардың дайындығы туралы хабарлады. 4 мыңнан астам ерікті құрылым құрылды.

Әкімдіктер 400-ден астам өрт сөндіру бекеттерін құрды, олар 1273 елді мекенді қорғауды қамтамасыз етеді.

Қабылданған шаралар туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С.Брекешев, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Н.Дербісов, бірқатар облыс әкімдерінің орынбасарлары баяндады.

Хабар 24 телеарнасы