Елордада эпидахуал күрт нашарлап кетті

Шаһар 1 жарым айдан бері «қызыл аймақ» санатында.

Вирус жұқтыру көрсеткіші бір күнде 600-ге жеткен кездер бар. Ал жыл басынан 60 мыңнан астам адам ауырып шыққан. Оның ішінде 29 мыңнан астамында коронавирус белгілері айқын білінген. Сәйкесінше, індет ошақтарының саны да артып барады. Вирус жұқтырған 5 мыңнан астам адам дәрігерлердің бақылауына алынды. Мамандар індет әсіресе жасөспірімдер мен егде жастағылар арасында дендегенін айтады. Ал жағдайдың ушығуына науқастардың үй жағдайындағы карантинді сақтамауы себеп. Мәселен, «Ашық» жобасы аясында өткен айдың өзінде 736 науқастың дәрігер нұсқауына құлақ аспай, қоғамдық орындарға барғаны белгілі болды. Бүгінде аталған жоба елорда бойынша 220-дан астам бизнес нысанында жұмыс істеп тұр.