Коронавирус: 784 адамның жағдайы ауыр

Елімізде 44 572 адам коронавирус инфекциясынан (44 202 КВИ+ және 370 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 15 015 пациент стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 784 адамның жағдайы ауыр,
• 196 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 117 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.