Алматы әуежайы маңындағы жерді сату ісі бойынша кінәлілер соңғы сөзін айтты

«Алматы әуежайы маңындағы жер телімдерін заңсыз сатты» деп айыпталған экс-шенеуніктерге қатысты сот үкімі 12 мамырда шығады.

Бүгінгі сот отырысында олар соңғы сөздерін айтты. Бұл іс бойынша алты адам жауапкершілікке тартылып отыр.

Алматы облысы Талғар ауданының бұрынғы бес қызметкері кінәларын толық мойындап, тіпті жасаған істеріне өкінетіндіктерін де айтты. Тек риэлтор Нұрайым Алданыш бұрынғы ұстанымында қалып, тағылған айыппен келіспеді. Бұған дейінгі сот отырысында прокурор «Бек Эйр» ұшағы құлаған аумақтағы жер телімдерін заңсыз сатты деп айыпталған экс-шенеуніктерді 4 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Қылмыстық істің соңғы нүктесі келесі сәрсенбіде қойылатын болды.