Нұрсұлтан Назарбаев: Заман талабына сай әскер құру керек

Елордада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында Қарулы күштер мен өзге де әскери құрылымдарды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы қаралды. Бұдан бөлек, шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Қазір экономиканың түрлі салаларына заман талабына сай технологиялар енгізіліп жатыр. Қорғаныс саласы да кенжелеп қалмауы керек. Бүгін Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйым отырысында осы мәселені қозғап, қарулы күшті дамыту қажеттілігіне баса назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Современные реалии диктуют нам новые подходы в военном строительстве и конфигурации военных сил. Первое, нам нужно быть готовым не только к традиционным но и ассиметричным воинам. Второе, на первый план выходят гибридные угрозы. Их отражение требует специальных сил и средств особой подготовки, комплексного подхода. Третье, военное противоборство государств будет определяться уровнем технологического обеспечения.

Көп ұзамай соғыс алаңы цифрлық платформаға көшуі әбден мүмкін. Сол себепті Қазақстан көштен қалмай, кәсіби маман даярлауды қолға алуы керек. Яғни, болашақтың әскерін жасақтаған жөн.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Войны последних лет, если возьмём то, что мы видели в Сирии, Нагорном Карабахе и т.д. показали колоссальную роль спутникового наблюдения, коммуникации и навигации. Армия будущего, так называемая, будет определяться автоматизацией управления военными процессами и внедрением новых технологий, включая беспилотную авиацию, высокоточные боеприпасы.

Қорғаныс күштері ел шекарасын мызғымай күзетіп тұр. Дегенмен, қазіргідей қырық құбылған заманда сарбаздарымыздың сақадай-сай тұруы шарт. Елбасы әскерилерді «ел қауіпсіздігінің кепілі» деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Қазақстан кез келген жанжалды бейбіт жолмен шешу саясатын ұстанып келе жатыр. Көршілермен түсінушілік бар. Оның үстіне шекарамызды шегендеді. Қауіп жоқ сияқты көрінеді. Бірақ мықты армия әрқашанда ел қауіпсіздігінің кепілі болып саналады.

Келер жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 30 жыл. Осы уақыт ішінде еліміз су, құрлық, киберкеңістік пен әуедегі қауіп-қатерге қарсы тұра алатын жауынгерлік дайындығы жоғары әскер құрды. Бұл сала мемлекет тарапынан қолдау тауып, қомақты қаражат бөлініп жатыр. «Нәтиже жоқ емес. Әскери ғылым мен өнеркәсіп секторлары жолға қойылды», - деді Елбасы.

Авторы: Дариға Ташенова