Коронавирус: 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Елімізде 35 846 адам коронавирус инфекциясынан (35 314 КВИ+ және 532 КВИ-) емделуде.

Олардың ішінде 13 265 пациент стационарда, 22 581 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- жұқтырғандар арасында:
• 742 адамның жағдайы ауыр,
• 187 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.