Енді Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолағымен жүруге болмайды

Ертеңнен бастап елордада Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолағымен жүруге болмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалалық полиция департаменті азаматтарды алдын ала ескертіп отыр. Нақтылай кетейік, Қабанбай батыр даңғылындағы айналма жолдан Сығанақ көшесіне дейінгі қоғамдық көлік жолымен жүруге тыйым салынады. Жол бойына тиісті белгілер қойылған. Жалпы бұған дейін Қабанбай батыр даңғылындағы автобус жолағымен жүруге рұқсат берілген еді. Бірақ одан қоғамдық көліктер кептелісте тұрып, уақыттарынан кешікті. Сол себепті, Bus Lane қайта жанданбақ.