Үкіметтің 94 өкілеттігі жауапты ведомстволарға жүктеледі

Ел Үкіметінің 94 өкілеттігі министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарға беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді стратегиялық жоспарды құру мен ол жайында есеп беру, өрт қауіпсіздігі ережелерін бекітумен құтқарушыларды аттестаттау міндеттері өкілетті органдарға жүктеледі. Су қорын пайдалану мен қорғау да жауапты  органның құзырына өтеді. Автожол, әуеден түсіру, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері де Үкімет қарауында болмайды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, бұл қадам мемлекеттік басқаруды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мәжіліс тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ол үшін 100-ден астам құжатқа өзгеріс енгізу көзделген.