Көкшетауда мемлекеттік рәміздер күніне орай челлендж басталды

Көкшетауда мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық челлендж басталды.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қолға алған шара «Асқақтаған әнұраным» деп аталады.

Ережеге сәйкес, эстафетаны қабылдаған мекеме көк туымыздың алдында ұжым болып әнұранды шырқауы тиіс. Әрі осыны бейнеролик ретінде түсіріп, әлеуметтік желіде жариялауы қажет.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл халықтың бойында отансүйгіштік сезімнің асқақтауына сеп болады.