Шымкентте тағы дауыл: шатыр ұшып, жарық сөнді

Оңтүстік шаһарда тағы да дауылды жел тұрып, төтенше жағдайлар департаменті мамандарын тік тұрғызды.

Желдің екпіні секундына 15-тен 28 метрге дейін жетіп, салдарынан 1 коммерциялық нысанның, 8 көпқабатты тұрғын үй мен 4 жекеменшік үйдің шатырын ұшырып әкетті. Қираған шатырлардың жалпы ауданы 585 шаршы метрді құрады. Сондай-ақ, көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқа қаптама материалы мен ағаштар құлап, жарық сөніп қалды. 8 автокөлікке зақым келді.

Дауылды желдің салдарын жою үшін оқиға орнына 6 бірлік техника мен жеке құрамның 25 адамы жұмылдырылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір жағдай тұрақталды.

Естеріңізге салып өтейін, мұндай екпінді жел Шымкентте өткен аптада да тіркелген.

Бұған дейін де мегаполисте дауы тұрып, бір адам зардап шеккенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ...