Павлодар облысында «электронды бақташы» жүйесін бөкендер бұзып кетті

Павлодар облысында «электронды бақташы» жобасын алғаш болып Май ауданының фермерлері қолға алды.

Екі ай ішінде жүйе тиімділігін көрсеткен. Қашықтан бақылау арқасында жұмысшы саны қысқарды. Шаруалар 3 мың гектар аумақты тоқ сымдармен қоршап тастағандықтан ит-құстың тұмсығы батпайды. Мал өрісі үш бөлікке бөлінген. Бұл жерді тиімді пайдалануға септеседі. Бірақ электронды бақташының жұмысына киіктер кедерді келтіреді. Себебі ақ бөкендер суатқа апаратын жолдағы торды бұзып жарып, жаңа жүйені істен шығарған. Үйір-үйір киік мал жайылымын да таптап тастаған.

Тастанбек Темірбеков, шаруашылық басшысы:

- Бұл киіктердің жүретін жолы. Олар суатқа түскенде электр қоршауларды бұзып өтеді. Сондықтан үнемі жалғап отыруға тура келеді.