Н.Нығматулин Денсаулық сақтау министрін сынға алды

Былтыр халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін мемлекеттік бюджеттен 1,6 триллион теңге жұмсалған.

Сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандырумен қоса, мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге бөлінетін қаржы 5 есеге көбейген. Десе де халықтың тең жартысы көрсетілетін медициналық қызметке көңілі толмайды. Яғни бөлінген қаржы өзін ақтаған жоқ.

Мәжіліс депутаты Лариса Павловец Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цойдан себебін сұрады. Ведомства басшысы атқарылған жұмыстарға тоқтала келе, кемшіліктің бар екенін мойындады. Медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін ұлттық жобалар қабылданып жатқанын алға тартты. Мәжіліс спикері министр келтірген статистикалық сандарды сынға алып, оған аудандық ауруханаларды аралауды, халықпен тікелей жұмыс істеуді тапсырды.