Сарапшы: Адам құқықтарын қорғау жаңа деңгейге көтеріледі

Президент қол қойған Жарлық адам құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Бұл белгілі заңгер, Ұлттық Қоғамдық сенім Кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқығы институтының директоры Марат Башимовтың пікірі. Құжатта қазіргі қоғамды алаңдатып отырған бірқатар мәселелер қамтылған. Заңгердің сөзінше, Президент берген тапсырмаларды уақытылы орындау үшін Үкімет заңнамалық механизмерді әзірлеуі тиіс.