Елімізде тың жобаларға жол ашылды

Президенттік жастар кадр резервіне енгендер алдағы уақытта менторлармен жұмыс істейді.

Ментор-кеңесшілер салалық министрлер мен білікті мамандардың қатарынан болуы мүмкін. Сонымен бірге, дарынды жастар агенттік жанынан құрылатын жобалау кеңсесіне тың ұсыныстарын жолдай алады. Осылайша түрлі саланы дамытуға бағытталған идеялардың өрістеуіне жол ашылмақ.

Жалпы бүгінгі форумға президенттік кадр резервіне ілінген 300 жастың 110-ы қатысты. Шара кезінде олар IT технология, урбанистика, мемлекеттік басқару және адами капиталды дамыту саласындағы түрлі жобаларды ұсынды.

Тілектес Адамбеков, ҚР Мәжіліс депутаты:

– Бұл– міндетті түрде жүзеге асырылатын жұмыстар. Бұл кадрлық резервте әртүрлі министрлікте жұмыс істеп жатқан азаматтар мен азаматшалар бар. Одан басқа министрлер өздері жеке кездеседі, жұмыс тобына ұсыныс береді. Сосын оны қалай жүзеге асыруға болатынын қарастырады.

Нұрлыбек Жеңісбекұлы, Президенттік жастар кадры резервінің мүшесі:

– Мемлекеттік қызметті кейбіреулер эйфория деп қабылдайды. Біреулер мүмкіндік деп қабылдайды. Аса бір баюдың жолы деп ойлайды. Бұның бәрі қоғамның теріс пікірінің салдарынан қалыптасқан нәрсе. Мемлекеттік қызмет бұл елге қызмет ету, бұл өз эгоңды төмен қою, халықтың приоритетін жоғары қою деген мағына.