Ауыл шаруашылығы субсидияларын бөлудегі шикілік анықталды

Ауыл шаруашылығы субсидияларын бөлудегі шикілік анықталып, құзырлы министрлікке қатысты тергеу басталды.

Мәселені еліміздегі құс фабрикалары көтерген еді. Яғни, тауық жұмыртқасын өндірушілерді қолдауда монополияға қарсы заңнама өрескел бұзылып келген. Енді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі арнайы тексерісті бастады және нәтижесі бойынша тиісті баға берілетінін алға тартты. Бұдан бөлек, агенттік Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендiру ережелеріне де талдау жүргізді. Өйткені бұл талаптар жеткiзушiлердiң мемлекеттік сатып алуларға қатысуын шектейдi. Анықталған фактілер негізінде ведомствоға ескерту жасалды. Егер ол белгіленген мерзімде орындалмаса, Агенттік тағы бір тергеуді бастайды.