Жастар ұйымдары енді ынтымақтаса жұмыс істейді

Еліміздегі жастарға арналған жобалар көпшілікке жетпей жатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат аз. Сондықтан Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар ұйымы мен ел аумағындағы барлық жастар бірлестігі бірге жұмыс істейтін болады. Оның маңызы зор. Өзара келісім жас буынның нәтижелі жұмыс істеуіне ұйытқы болмақ. Бүгін елордадағы достық үйінде өткен бейресми кездесуде осы мәселе талқыланды. Сондай-ақ елдегі достық үйлерін волонтерлік пен қайырымдылық орталығына айналдыру жайы да сөз болды. Еркін форматтағы жиын да тараптар ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

Асылжан Бүркітәлин, «Жас Отан» ЖҚ төрағасының орынбасары:

– Бұл дегеніміз, еліміздегі ең іргелі, алдыңғы қатарлы барлық жастар ұйымдары бірігіп, еліміздің даму жолында аянбай жұмыс жасаймыз. Өйткені елім дейтін жастар болмаса, елдің ертеңін ойлайтын жастар болмаса, бізге өзге жақтан келіп, ешкім ешнәрсе жасап бермейді. Біз жастар мұны түсінеміз және тек біріккенде ғана биік белестерге, жетістіктерге жететінімізге сенімдіміз.