Ө.Шөкеев: Керуен сарай темір бетоннан тұрғызылған

Түркістандағы Керуен Сарай темір бетон мен арматурадан тұрғызылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал пенопласт қолданылған нысан жеке меншікке тиесілі. Әрі оның да құрылысы жобалауға сай жүргізілген. Өңірдің дамуына арналған брифингте облыс әкімі жаңа туристтік нысанның құрылысына әлеуметтік желіні шулатқан жазбаға қатысты түсініктеме берді. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, құрылыстың сапасы туралы қандай да тұжырым жасамас бұрын, адамдар тиісті кәсіби біліктілікке ие болуы шарт. «Нысанды тұрғызған шетелдік инвестор халықаралық стандарттарға сай қызмет атқарған. Сондықтан мұндай беделді компанияның жұмысына шүбә келтірудің өзі жөнсіз»,– деді облыс әкімі.