Ақмолалық медбике Флоренс Найтингейл атындағы медальға ие болды

Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасы анестезиология және жансақтау бөлімінің медбике-анестезисті, «Вера в добро» қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Татьяна Спиглазова Флоренс Найтингейл атындағы медальге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл Қазақстанның есебінде алтыншы, ал Ақмола облысында екінші медаль алған медицина қызметкері.

«Мен бала кезімде дәрігер болуды армандадым. Қуыршақтармен ойнап, көршілерімді таңып тастайтын едім. Сол кезден мен дәрігер болып жұмыс істеуге бел будым. Өскенде кім боласын десе, бірден адамдарды емдеймін деп жауап беретінмін. Ал жасөспірім болаған кезде, әкем сырқаттанып қалды. Сол кезде мен барлық ауыр науқастар кездесетін көптеген түйткілді мәселелерге тап болдым. Әкемнің өмірден өткеніне 20 жылдан астам уақыт болса да, бұл мәселелер әлі де бар», – деп бастады Татьяна.

Медбике болып жұмыс істегенге дейін волонтерлік қызметпен айналысқан ақ халатты абзал жан тек аурухананың қабырғасында ғана емес, одан тыс жерлерде де науқастарға көмектесіп келеді. Ауыр хәлде жатқан науқастарға Татьяна тіпті түн ортасында да шақырумен барады

«Күннен күнге науқастардың саны артуда. Біздің «Вера в добро» қайырымдылық қоры Көкшетау жоғары медициналық колледжімен ынтымақтастықта жұмыс істеуде. Осындағы студенттер бізге көмектесіп, тәжірибе жинақтауда. Мен оларды ауыр науқастарға бірден жібере алмаймын, бұл көп тәжірибе және үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Тіпті ауыр науқасқа трахеостомиялық түтіктің санациясы мен асқазан зондын дұрыс қоймаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Бірақ балалар тәжірибе жинайды, ауыр науқастарды шомылдыруға көмектеседі», – деп толықтырды Татьяна.
Бүгінгі таңда Спиглазованың еңбек өтілі 20 жылдан асады. Татьянаның осы аралықта қанша науқасқа көмектескенін санап тізу мүмкін емес.

«Нағыз медбике қандай болуы керек? Бұл үлкен жүрегі бар адам болуы керек. Сіз жұмысқа келгенде, жеке басыңыздың мәселесін ойламауыңыз керек. Сіз өз кәсібіңіздің фанаты болуыңыз керек. Қызыл Жарты Ай қоғамының Ақмола филиалы мені марапатқа ұсынғанын естідім. Бірақ маған Флоренс Найтингейл медалі берілетінін күткен жоқпын. Менің жұмысымды бағалаған Швейцарияға рахмет! Медицина қызметкерлері күні қарсаңында барша әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын», – деп түйіндеді Татьяна Спиглазова.