424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ashyq жүйесі «қызыл» статусы бар 600-ге жуық оқшаулау режимін бұзушыны анықтады

  • 146
  • UPD: 17:16, 24.06.2021
Ashyq жүйесі «қызыл» статусы бар 600-ге жуық оқшаулау режимін бұзушыны анықтады zakon.kz

Ashyq жүйесі бойынша анықталған «қызыл» мәртебесі бар барлық жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

10 және 21 маусым аралығында Ashyq жобасы аясында жұмыс істейтін нысандарда «қызыл» статусы бар 570 және «сары» статусы бар 879 адам тіркелген. Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғаны үшін 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары «қызыл» статусы бар қалған тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі жұмысты жүргізіп жатыр.

Еске салайық, 10 сәуірде КВИ-ға шалдыққан науқастар және олармен байланыста болған адамдар үшін оқшаулаудың міндетті режимін көздейтін санитариялық-эпидемиологиялық талаптар күшіне енген болатын. Белгіленген талаптарды орындамағаны үшін оқшаулау режимін бұзушыларға 30 АЕК немесе 87 510 теңге мөлшерінде айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 452-бабы).

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Хабар 24 телеарнасы