Алматылық самокат жүргізушілерге талап күшейтіледі

Алматы қаласында тамақ жеткізуші қызмет өкілдеріне жол ережесі қатаңдатылуы мүмкін.

Кейінгі кезде самокат, велосипедпен жолда тәртіп бұзушылар көбейген. Сондықтан қала билігі оларға арнайы ереже бекітілетінін айтады.

«Тіпті мұндай көлік құралдарына тіркеу нөмірін алу қажеттігі туындайды»,– дейді Бақытжан Сағынтаев.

Шаһарда шешімін таппай келе жатқан тағы бір мәселе – кептеліс. Оны азайту үшін жүк көліктері Үлкен айналма жолына жіберіледі. Қала маңындағы елді мекендерге сонымен қатынау міндеттеледі.