Аида Балаева «Хабар» агенттігінің қызметкерлерін марапаттады

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Хабар» Агенттігінің қызметкерлерін медальдармен және мақтау қағаздарымен марапаттады.

«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина мен жоспарлау-қаржы департаментінің директоры Сәуле Тәжібаеваға берілді.

«Құрмет» дипломы «Хабар 24» телеарнасының шығарушы редакторы Арман Әменовке, «Ел Арна» телеарнасының режиссері Әсел Игісіноваға, Алматы филиалының өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас инженері Сергей Дмитриевке, техникалық дирекцияның эфирді қамтамасыз ету  бөлімі Айдын Темірғали мен техникалық дирекцияның видеотека бөлімінің редакторы Жанар Құрмановаға берілді.

Сондай-ақ «Хабар 24» телеарнасының директоры Алена Горбачева ҚР Парламенті Сенатының сертификаты мен сыйлығына ие болды.