Елордадағы ХҚКО-лар тек бронь арқылы қабылдайды

Елордадағы халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды тек алдын ала жазылу арқылы ғана қабылдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, электронды түрде брон жасау керек. Онлайн жазылу eGov порталы, Telegram-бот арқылы және 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ келушілер орталықтың ғимаратына Ashyq қосымшасы арқылы тексеріліп кіреді. Халыққы қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі-сенбі арасында таңғы 09:00-дан кешкі 18:00-ге дейін барлық санитарлық-профилактикалық талаптарды сақтай отырып жұмыс істейді.