Іле өзенін тазартуға 600 млн теңгеден аса қаржы қарастырылған

Биыл Іле өзені тармақтарының жүз шақырымы тазаланады.

Оған 600 млн теңгеден аса қаржы қарастырылған. Табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасының мамандары жұмыстың 60 проценті аяқталды деп отыр. Жетісу жақұтын сақтау шаралары өңірде 2005 жылдан бері тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Содан бері өзен арнасы, каналдар, арық-атыздардың 800 километрі ретке келтіріліп, табаны тереңдетілген. Аталған жұмыстар негізінен Қаратал, Балқаш аудандарында атқарылды. Алдағы жылға да жоба жоспарлар жасалып отыр.

Қанат Дәуренбеков,  облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

2022 жылға алты жоба механикалық тазаландыру жұмыстарына жоспарланған. Жалпы бұл жұмыстарға 900 млн теңгеден астам қаржы бөлінген облыстық бюджеттен. Бұл жұмыстар Қаратал ауданы және Балқаш ауданында өтеді.

Қазір Қапшағай су қоймасынан Балқашқа секундына 500 текше метр су жіберіліп жатыр. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есеге көп. Дегенмен Балқаш көлінің деңгейі трансшекаралық Іле өзеніне байланысты дейді «Балқаш-Алакөл» бассейндік инспекциясының өкілдері. Өйткені судың 80 проценті осы өзеннен құйылады.