Елордалық құтқарушылар демалыс күндері бес адамды құтқарды

Елордада мерекелік демалыс күндері ыстық ауа райы сақталды. Мереке және демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің бөлімшелері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді.

Тек осы демалыс күндері құтқарушылар суда екі адамды және Қараөткел көпірінде үш жасөспірімді құтқарды.

5 шілде күні кешкісін елордалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шақыртуға шықты, олар өзеннің ортасында мас күйінде өзеннің арғы жағына өтуге тырысқан әйелді көрді. Құтқарушылар әйел құтқарып, қайыққа отырғызған.

Ал 6 шілдеде патрульдеу кезінде құтқарушылар көмек сұраған ер адамды байқады. Жедел әрекет ете отырып, құтқарушылар суға секіріп, құтқару шеңберінің көмегімен жас адамды құтқарды. Тағы бір ерекше оқиға 5 шілдеде болды, келіп түскен хабарлама бойынша құтқарушылар шақыру орнына 4 минуттан кейін келді, онда «Қараөткел» көпірінің доғасының жоғарғы жағында күнге қыздырынған үш адам болған.

Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтар арқылы адамдарды қауіпсіз жерге түсіруге кірісті. Елордалық құтқарушылардың жедел, сауатты және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында судағы екі адам және үш жасөспірім құтқарылды.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекті рет азаматтарға су қоймаларында болған кезде мынадай жағдайларға тыйым салынатынын ескертеді:

– алкогольдік және есірткілік мас күйде шомылуға және суға түсуге;

– қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

– тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;

– жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан тыс жүзуге;

– жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

– балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге.