Мұқтаж жандар құрбандықтың етіне онлайн өтініш бере алады

Елдегі әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандар құрбандыққа шалынған мал етін алуға онлайн өтініш бере алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сұранымдар qurban2021.kz сайты арқылы қабылданады. Өтініштер 20 шілде күні Айт намазынан кейін қабылдана бастайды. Биыл Құрбан айт шілде айының 20-22-сі күндеріне келіп отыр. Діни басқарма құрбан шалу рәсімін екі жолмен жүзеге асыруды ұсынды. Яғни, рұқсат берген жерде офлайн өткізуге болады. Немесе жоғарыда аталған сайт арқылы тапсырыс беріп, онлайн құрбан шалады.

Айта кетейік, құрбан шалу рәсімі былтыр да онлайн өткен болатын.