Маңғыстау облысының тұрғындары вакциналау шарасына қолдау көрсетті

Маңғыстау облысының 100 мыңнан аса тұрғыны коронавирусқа қарсы вакциналау шарасына қолдау көрсету мақсатында акция ұйымдастырды. Олар халықты жаппай екпе алуға шақырды.

Акцияға қатысқан еңбеккерлер арасында мұнайшы, мұғалім және коммуналдық мекеме өкілдері де бар. Белгілі спортшылар да осы шараның басы-қасынан табылды. Олар екпе егудің маңыздылығын атап өтті.

«Сол арқылы өзімізді және өзгені қорғаймыз», - дейді көпшілік.

Аймақта коронавирустың таралуы қайта күшейіп келеді. Кейінгі аптада 8 адам осы аурудан көз жұмды.